Подождите, пока мои твиты загрузятся

Если не терпится узнать, о чем я пишу в твиттере

Информация

Автор: Назгуль Кожабекова

dark_nazgul

Опубликовано 02 Ноя 2011 в категории Новости.

Теги

, , , ,

«Шикі»bilim бе? Wikibilim бе?

02.11.2011  
471  
1
w2

«Wikipedia ашық энциклопедиясындағы қазақ тіліндегі мақалалар саны 100 000-нан асты. Біз берген уәдемізде тұрып, 2011 жылдың 16 желтоқсанына дейін бұл санды 200 000-ға жеткіземіз!»

Қазақстан баспасөз клубында өткен баспасөз мәслихатында Wikibilim қоғамдық қорының төрағасы Рауан Кенжеханұлы және осы жобаның басы-қасында жүрген Қазконтент АҚ басқарма төрағасының орынбасары Владимир Тутыкин және ХАТИ Маркетинг және PR департаментінің директоры Майраш Тайкенова осылай деп мәлімдеді.

Пресс-конференция

Қазақ тіліндегі ашық энциклопедия қолға алынып, қарқынды жұмыс жүргізіліп келе жатқан бес айдың ішінде жобаның сандық көрсеткіштері артқаны алға тартылды.

2011 жылдың маусым айындағы жеті мыңнан сәл астам мақалалардың саны бүгінде жүз мыңнан астамға жеткен.

Wikipedia-дағы өз тілінде жүз мыңнан астам мақала жарияланған 40 елдің қатарына бүгінде Қазақстан да кіріп отыр.

Жоба басталған кезде Wikipedia-ға мақала жазып, оларды түзетіп, бақылау жасап отырған 4-ақ адам бар болса, бүгінде қазақ тіліндегі мақалалардың саны мен сапасын арттыру жолында 230 адам жұмыс істейді.

Қазақ тіліндегі Wikipedia тілдер рейтінгісінде 125-орыннан 38-орынға көтерілді.

Wikibilim қоғамдық қорының негізгі серіктестерінің бірі – Халықаралық ІТ университетінің жүз шақты студенті ерікті түрде Wikipedia жобасына атсалысып, мақала жариялап жүр.

Баспасөз мәжілісіне қатысқан Nokia компаниясының ТМД елдері бойынша менеджері Карел Голуб қазақ тіліндегі Wikipedia-ның дамуы компанияның 1 млрд бағдарламасының бір бөлігі екенін айта келіп, Nokia телефондары қазақ тілінде сөйлей бастағанын атап өтті және қазақ халқы үшін Wikipedia-ны смартфондардан қазақ тілінде оқыған қызықты болатынына сенім білдіре отырып, осы жобаға қатысуға қуанышты екендерін жасырмады.

Өз басым қазақ тіліндегі Wikipedia үш түрлі алфавитті қолдайтынын білмейді екенмін. Яғни, кириллицамен жазылған мақаланы оқып отырып, сол мақаланың латын әліпбиімен де, төте жазумен де жазылған нұсқаларын қарап көруге мүмкіндік бар екен. Бұл жер жүзінде тарыдай шашылып жүрген қазақ баласының  басын елде болмаса да, желіде қосуға таптырмас мүмкіндік.

Баспасөз мәслиахатында Wikibilim қоғамдық қоры Wikipedia жобасын дамыту мақсатында жариялаған бәйгенің жеңімпаздары марапатталды.

Қазақ тіліндегі Wikipedia-ға бірінші болып 100 мақала жариялаған Жезқазғандық қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі Мейрамгүл Қалиева мен жүз мақала шегінен шығып, бүгінде мақалаларды өңдеумен айналысып жүрген инженер Ұлан Мұқашев қор атынан бағалы сыйлыққа ие болды.

Ал үздік мақалалар жариялаған үш адамға Nokia компаниясының атынан ұялы телефондар табыс етілді.

Қазіргі таңда Wikibilim қоғамдық қоры еліміздің маңдай алды жоғары оқу орындарымен, Қазақстанның ұлттық кітапханасымен тығыз серіктестік орнатып, қазақ тіліндегі Wikipedia мазмұнының санын ғана емес, сапасын да арттыру жолында жұмыс істеп жатқандығын алға тартты. Демек, Wikipedia-дан алынатын ақрпарат қазақ тілді форумдарда аталып өткендей «Шикі»bilim емес, шынымен Wikibilim болатынына үміт артамыз.

 

Похожие статьи:

ПРИЛОЖЕНИЯ ДЛЯ ВСЕХ
Как мы побывали на Seimar Open 2011 - международном турнире по гольфу
"Гнев Титанов". Кто разгневался?

Один комментарий

  1. dental assistant programs}
    21 марта 2012

    … [Trackback]…

    [...] There you will find 79674 more Infos: blogs.matrix-ca.tv/2011/11/shikibilim-be-wikibilim-be/ [...]…

Ответить

Вы должны войти, чтобы оставлять комментарии: Вконтакте  Twitter Facebook